Бүгін, яғни 19- шы ақпан 2018 жылы Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті мәдениет сарайында Ауданға беделді ақсақалдар мен ауданның құрметті азаматтарының және мектеп ұстаздарының қатысуымен «Иманды адам-ибалы қоғам» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингтің мақсаты – пікір алмасу. Адамзат баласының дінге деген құрметі, зайырлы мемлекеттегі діннің алар орны, және де Ислам дінінің өзге діндерге деген құрметі жайлы баяндамалар оқылып, талқыланды. Мырзакент өңірі «Абдул Әкім» мешітінің имамы – Бимағамбетов Қуаныш: «Ислам – бейбітшілік және тыныштық діні» тақырыбында баяндама оқып, дінде ешқандай зорлық- зомбылықтың жоқтығын не эктсремизм және терроризм деген ұғымдармен ұштаспайтындығын атап өтсе, аудан ақсақалдары ата-баба жолы, салт-дәстүрге деген құрметтің ерекше болуын дөп басып айтты. Жиынға қатысушылар қоғам түзелуі үшін адам ең әуелі өзінен бастау керектігін айтып, бір жұдырық болып жұмыла білсе бүкіл іс өз шешімін табатындығына сенім білдірді. Жалпы, 70-ке жуық адам қатысып, семинарды тыңдады.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі