Шымкент қаласы, Абай ауданы “Насруддин мешіті” әйелдер жамағатына жарыс өткізілді Әйелдер жамағаты арасында салауат жазу мен истиғфарды блакнотқа толтыру жарысы өткізілді. Сондай-ақ «Сияр Нәби» сабағынан өзара ашық сабақ ұйымдастырылып, Нұрсұлтан ұстаздың аптасына төрт рет өтетін видео сабақтарын тыңдап, жамағат мүшелері тыңғылықты дайындықпен өз білімдерін ортаға салды. Сабақ барысында «Ибраһим ағашы» атты көрнекілік пен карта арқылы түсіндіру әдісі қолданылып, жамағат өздерінің біліктілігін және ықыласын көрсетті. Белсенді әрі ынталы жамағаттан Алла разы болғай!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






