Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес, Тұран ауданы «Әл-Муслим»мешітінің имамы Бегетай Әмірбектің ұйымдастыруымен Дін мен дәстүр бағыты бойынша «Отбасы аманат»тақырыбында жас жұбайларға арналған рухани-танымдық кездесу болып өтті.

Айтулы шараға шаһар бас имамының орынбасары,қаламыздағы Дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Ахметжан қажы Керімбек, Тұран ауданы бойынша бағыт жетекшісі Айтмұхан Елбосын және ақ жаулықты әжелер, арнайы жас жұбайлар қатысты.
Шара басында Ахметжан қажы сөз алып,жас жұбайларға рухани нәр болатын насихат айтты. Кезегімен әжелеріміз де сөз алып,өмірден көрген-түйгендерімен бөлісіп отырды.
Кездесу соңында жас жұбайлар, шара қонақтарына ризашылықтарын білдірді.

Жас жұптарымызға мешіт атынан естелік сыйлық берілді.
Іс-шара соңы қасиетті Құран оқумен түйінделіп, арнайы жас жұптардың екі дүние бақыты үшін дұға жасалды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38