ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық
“Байғұт баба” мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» — рухани бағыттың бастауы мен
«Отбасының өнегесі — отан өнегесі»,- атты аудандық көшпелі семинар өтті.

Семинар барысында, аудан имамы Ербол Қалшабек қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, бұл семинардың мән-маңызына тоқталды.

Семинардың маңызды мәселесі «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша аудандағы жауапты имам Аманжол Серікбаев “Жат діни ағым — адамзат баласын жарға жығады” тақырыбымен баяндама жасады.

Семинар соңында, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти хазреттің жыл басында жасаған «Бағдарлық баяндамасына» орай бекітілген жылдық жұмыс жоспарының орындалуы бойынша қала имамының жетекшілігімен өтетін жиналыста ауданымыздың жыл бойғы атқарған жұмыстарымыздың есебі тыңдалатынын, соған жоғары деңгейде дайындалу керектігін баса айтты.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38