Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Абдрахман мешітінде көшпелі оқу семинары өтті.
Басқосуға қалалық мешітінің бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы басқосуда аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров дін қызметкерлеріне Хакім Абайдың мұралары жөнінде баяндама жасады.
Айта кетейік, барлық мешіт имамдары атамыздың еңбектерін оқып, түрлі деңгейдегі жиындардағы уағыз-насихатқа қосып жүруді тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38