Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Абдрахман мешітінде ҚМДБ концептуалды құжаттарына сәйкес кеңейтілген мәжіліс өтті.
Басқосуға қалалық Тәртіп кеңесінің толық мүшелері шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы атынан, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы басқосуда қалалық мешітінің найб имамы Ахметжан Керімбек ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарға мән беріп, әрбір мешіт имамдары жүзеге асыруы және уағыз -насихат айту, т.б түрлі деңгейдегі кездесулер қызметтік этика сақталуы тиіс екендігін баса айтты.
Сонымен қатар, дін қызметкерлеріне Ас беру мәдениеті және қабылданған 15 құжатын таныстырды. Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38