Дінімізде үлкенді құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты, «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарттар күніне» орай, қарт аналарымызға құрмет көрсетілді.
Қазыналы қарттарымызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің басшылығы атынан сыйлықтар табысталды.
 Пейнеттеріңіздің зейнетін көріп, жүздеріңізден қуаныш кетпесін. Қарттар күні құтты болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38