Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде “Сыйлық сыйлау – сүйіспеншіліктің белгісі” атты іс шарамыз өтті.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыратын ең әдемі амалдардың бірі – сыйлық сыйлау. Сыйлықтың үлкені де, кішісі де маңызды емес. Маңыздысы – оның артындағы шынайы ниет пен ықылас.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ:
«Сыйлық беріңдер – бір-бірлеріңді жақсы көретін боласыңдар»
(әл-Бухари, «Әдәб әл-муфрад») – деп өсиет еткен.
Бұл хадис мұсылмандарды бір-біріне сыйлық беруге, осылайша сүйіспеншілік пен бауырмалдықты арттыруға үндейді. Өйткені сыйлық адамның жүрегіне қуаныш ұялатады, сүйіспеншілік пен достық дәнін себеді, реніш пен салқындықты жояды.


