«Мұсылман әйелінің киім кию үлгісі» атты ашық сабақ өтті.
Шымкент қаласы “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде «Мұсылман әйелінің киім кию үлгісі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Шараға әйел-қыздар бөлімінің шәкірттері қатысты.
Ашық сабақты Шымкент қаласының әйел-қыздар секторының жетекшісі Асылханқызы Балжан ұстаз жүргізді. Сабақ барысында ұстаз шәкірттерге шариғатқа сай киім киюдің талаптарын, киімнің мұсылман әйелінің ар-намысын қорғаудағы маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ Балжан ұстаз қазақ халқының әйел-қыздарының киіну дәстүрін мысалға алып, ислам мен ұлттық дәстүрдің үйлесімді байланысын көркем түрде салыстыра отырып жеткізді.
Іс-шара соңында шәкірттер өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Ашық сабақ әйел шәкірттер үшін рухани әрі танымдық маңызы зор шара болды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38