Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Гаухар ана мешітінде Имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі рухани танымдық семинар өткізілді.
Семинарға шаһар бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, Абай аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинарда қалалық Дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Самат қажы Анарбаев дін мен дәстүр бөлімінің жұмыстары мен баспадан жарыққа шыққан Дін мен дәстүр кітабына шолу жасап, жеті ата туралы мәліметтерді ортаға салды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38