Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасына орай және «Дін мен дәстүр» бағытына аясында Республика күні, ҚМДБ 35 жылдық мерейтойы және Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында Шымкент орталық мешітінде «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН- БАҒА ЖЕТПЕС МҰРА» атты мешіт имамдары арасында турнир өтті..

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спортпен шұғылдану Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құп көрген сүннеті екендігін айтып, ғылыми һәм діни тұрығыдан әрі қарай дамыту туралы айтты.
Игі шарада ұлттық ойындарымыз арқан тарту, асық ойы, ләнгі тебу, кір тасын көтеру, садақ ату, қол күрес түрлерінен жарыс ұйымдастырылады.
Жалпы алты команда қатысты.
Командалық есеп бойынша бас жүлдені Ақмешіт тобы иеленді. Ал екінші орын Абай ауданы тобы алды. Үшінші орынды Еңбекші ауданы тобы жүлдегер атанды. Жарысқа дінтанушы Мұхамеджан Естеміров пен қалалық спорт сектор Сержан Мақсұтов төрелік етіп, жүргізді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс соңында жүлдегер командаларға арнайы дипломмен бірге кәдесый табысталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38