Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Гаухар ана мешітінде Имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі рухани танымдық семинар өткізілді.
Семинарға шаһар бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, Абай аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар барысында Уағыз насихат бөлімінің жетекшісі Мұсабек Ақтамберді бөлімінің жұмыстары мен қабылданған құжатты таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




