Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты имамдар бас қосты
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Исламқұл Иманқұлұлы, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында жаңадан тағайындалған Шымкент қаласы бас имам орынбасары Исламқұл Иманқұлұлы ҚМДБ тарапынан 180 пәтуа қабылданғанын және пәтуа беру әдебі мен шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру әрі қарай дамыту керек екендігін атап өтті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




