Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты имамдар бас қосты
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Исламқұл Иманқұлұлы, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Игі шара барысында Шымкент қаласы бойынша Уақып қорының жетекшісі Ералы қажы Есенгелдиев ҚМДБ Уақып қорының жұмысын жан-жақты айтып өтті. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру әрі қарай дамыту керек екендігін атап өтті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38