Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты имамдар бас қосты
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары Қазыбек Сарыбаев ҚМДБ тарапынан қабылданған діни сауат ашу курстарының бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру әрі қарай дамыту керек екендігін атап өтті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38