Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы Халифа Омар мешіті мен қалалық Зекет қорының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед (с.а.с.) атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік таратылды.
Игі шара аясында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы атынан кәсіпкер демеуші азаматтарға алғыс айтып, ризалық білдірілді. Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






