Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Базар қақпа» мешітінде жазғы мезгілде дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Бұл курс балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді әрі рухани тұрғыдан пайдалы өткізуге бағытталды.
Сабақтар мешіт жанындағы арнайы оқу бағдарламасына сай, тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өткізілді. Курстың соңында шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, бітіру кеші ұйымдастырылды. Ата-аналар мен қатысушылар аталмыш жобаның балалар тәрбиесіне қосқан үлесін жоғары бағалап, шынайы алғыстарын білдірді.
Жаз бойы қажырлы еңбек
еткен Базар қақпа мешітінің ұжымына Алла разы болғай дейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


