Шымкент қаласы, Қаратау ауданы “Аңламас ата” мешіті ұжымының ықпалымен демеушілерге жағдай жасау арқылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылыққа үлестірілген 50 балаға арналған сөмкелердің ішінде оқушыларға қажетті құрал-жабдықтары толық қамтамтылған. Жекелеп айтқанда, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына сәйкесінше құрал-жабдықтар қарастырылған. Сондай-ақ, 30 балаға мектеп формасы мен спорттық киімдер тарту етілді. Демеуші болған жомарт жандарға Алла разы болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38