Бүгін Шымкент қаласындағы орталық мешіт пен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы болып өтті.

Қайырымдылық шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, көмекке зәру 500 оқушыға мекепке қажетті құралдарын табыс етті.

Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.

Акция барысында баларға мектеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. секілді заттар қамтылды.

Осы орайда, бір айға созылған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы қала деңгейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Осы шараның қорытынды бойынша қала көлемінде 3600 отбасыға құны 7805 100 (жеті миллион сегіз жүз бес мың бір жүз) теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Қол үшін беріп, демеушілік танытқан барша азаматтарға Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38