Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және  жария етілген «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында  Шымкент қаласы, Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Отбасылық кеңес беру орталығы» ашылды.  

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қолдауымен, Шымкент қаласы, Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміровтің ұйымдастыруымен ашылып, жұмысы іске қосылды.  

«Негізгі мақсат —   Бас мүфти жария еткен Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында  отбасы құран азаматтарға ұлттық салт-дәстүр негізінде тәлім-тәрбие беру,  соның ішінде рухани күйзеліске ұшырағандарға рухани қолдау көрсету,  ер мен әйел міндеттері,  ана болу,  бала тәрбиесі,  отбасылық өмір,  т.б.с. асыл құндылықтар жөнінде кеңес беріледі..», — деді Мұхамеджан Естеміров.

Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жаңадан ашылған кеңес беру орталығының жұмысын дамыту үшін түрлі деңгейде семинарлар, басқоуслар, дәрістер өткізілетінін атап өтті.

Айта кетсек, аталмыш кеңес беру орталығында  тәжірибелі имамдар мен әжелер мектебінің мүшелері аз уақыттың ішінде нәтижесі бойынша 26 отбасыға кеңес беріліп, өмірлері оң қадамға бағытталды.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38