Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жария етілген «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде кеңейтілген жиналыс өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қолдауымен, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Берік Шотабеков, қалалық «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Самат Анарбаев т.б. мешіт имамдары қатысты.
Жиналыс барысында ауданға жаңадан бекітілген аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміровті бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді таныстырды.
Жиналыс барысында ҚМДБ-ның төрт бағыт жұмыстары: дін мен дәстүр, жат ағымдармен жұмыс, діни оқу ағарту және уағыз-насихат жұмыстары, аудандағы діни ахуал мен тұрақтылық және мешіт имамдарының БАҚ және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану сынды өзекті мәселелері айтылды. Мұнымен қатар, ҚМДБ тарапынан бекітілген жылдық жұмыс жоспары оның ішінде аудан көлемінде атқарылатын жұмыс жоспары пысықталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






