Бүгін, Шымкент қаласының Бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Абай ауданына қарасты «Мастура қажы» мешітінде «Құрбан айт күндеріндегі міндеттерді нақтылау» бойынша жиналысы болып өтті.
Жинынға, Шымкент орталық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді мен наиб имамдар Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамеджан қажы Естемиров, Қазыбек қажы Сарыбаев және дін мен дәстүр саласына жауапты Самат қажы Анарбаев, пәтуа істеріне жауапты Берік қажы Шотабеков, зекет және қайрымдылыққа жауапты Айбек Азимбаев сондай-ақ, Абай ауданына қарасты барлық мешіт имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Жинынның кіріспесін, имам Мусабек қажы бастап, ҚМДБ-дан келген тапсырмалар мен нұсқамалықтарды таныстырып, сауапты шаралардың орындалуына жауапты әріптестердің тізімін анықтап жеткізді.
Содан кейін, сөз алған Мұхамеджан Естемиров Уақып ісінің маңыздылығы бойынша,Қазыбек имам діни оқу ағару бойынша, Самат имам Дін мен дәстүр бойынша, және Берік имам Пәтуә беруге қатысты баяндамалар жасады.
Жиынды Абай ауданының бас имамы Жәміш Бердалы қорытындылап, Абай ауданы имамдарына тапсырмалар мен нұсқамалықтарды орындауды бөліп, нақтылап жеткізді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










