Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба мешітінде арнайы семинар ұйымдастырылып, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы мен «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптарынан дәрістер оқылды. Дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында: «Бабалар ізімен Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабынан Шымкент орталық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді дәріс жүргізсе, «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптарынан Шымкент қаласы бойынша «Дін мен дәстүр» саласына жауапты Самат қажы Анарбаев дәріс жүргізді. Алдағы уақыттарда «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптарынан имамдардың арасында сынақтар өтетінін ескертті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





