Шымкент қаласы Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде Гүлзамира Мұстафақызы ұстаздың бастамасымен қолөнерге арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ барысында қатысушыларға үй сүйретпесін тоқу өнері үйретілді.
Гүлзамира ұстаз тоқыманың адамға берер рухани және психологиялық пайдасына да кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, тоқыма арқылы адам сабырлылыққа тәрбиеленіп, төзімділікке үйренеді. Сонымен қатар, қол моторикасын дамытуға, ой-өрісті сергітуге және күйзелісті жеңілдетуге ықпал етеді.
Іс-шара өте әсерлі өтіп, қатысушылар тарапынан зор қызығушылық пен ризашылыққа ие болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38