ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінің жамағаты мен Қайтпас елді мекен тұрғындарының атсалысуымен Дін мен Дәстүрге сай, «Тасаттық» діни рәсім ұйымдастырылып,
ірі қарамал құрбандық шалынды.
Тәрбиесі мол шараға арнайы дастархан жайылып, қасиетті Құран оқылды.
Жиналған жұртшылыққа Қаратау ауданының Бас Имамы Ербол Тастанбекұлы “Ынтымақ пен бірлік, ауызбіршілік” жайлы құнды уағыз айтты.
Сондай-ақ, қадірлі қонақ,
Серікбай қажы Ораз имам да қасиетті Құран оқып, дұға жасады.
“Отбасы құндылығы, әке мен ананың рөлі, бауырмалдық қасиеттер туралы әсерлі уағыз айтты.
Жиын соңында, ақсақалдарымыз бен ақжаулықты аналарымыз келген қонақтардан өскелең ұрпаққа бақытты болашақ тілеп, ақ баталарын алды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38