Облыстық орталық мешіті мен облыстық Зекет қоры және «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай көмек беру мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Шара барысында түрлі тәттілер мен киім-көшек, балаларға арналған ойыншықтар т.б. заттар сатылыма шығарылды. Жалпы түскен 134360 (жүз отыз төрт мың үш жүз алпыс) теңге қаржы жиналды.
Барлық қаржы Шымкент қаласындағы жетім балалар үйіне тапсырылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі