Наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» атты Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелеріне арналған республикалық конференцияда осылай деді. Наиб мүфтидің пікірінше, кез-келген зайырлы мемлекетте дін жоққа шығарылмайды.

«Мемлекетті мекен еткен азаматтардың сенім бостандығына нұқсан келтірілмейді. Азаматтардың таңдауына сəйкес, діни ұстанымдары заңмен қорғалады. Зайырлы қоғамда ұлттар мен ұлыстар діни сенімі бойынша бөлінуіне жол берілмейді. Дінді ұстану – қоғамнан бөліну деген сөз емес. Керісінше, иманды адам қоғамның дамуына, халық арасында ізгілік, адамгершілік, бауырмалдық сынды құндылықтарды насхаттауда белсенділік танытуы тиіс. «Жақсы адам қоғамға пайдасы тиген пенде», – деген хадисі бар. Бүгінгі мұсылман жамағатына жетпей жатқан нәрсе осы: қоғамшыл, көпшіл, мемлекетшіл бола алмай жатқанында. Көпшіл адамның қоғамға игілігі тиеді», – деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Конференцияда Ақпараттық-насихат тобының жұмысы талқыланып, ұсыныстар айтылуда. Жиын соңында үндеу жарияланды деп күтілуде. 

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий