Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет және Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Іс басқарушы Ербосын Орын Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс сапармен келді.
Іс сапар барысында алдымен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде жұмада уағыз айтты.
Жұма уағызында көрші ақысы, тәубе ету, ата-аны құрметтеу, мейірімділік пен кішіпейілділік туралы уағызын сабақтай келе «Құран- қоғамды жөндеу үшін түсірілді. Сондықтан да дінде ата-анаға, бауырларға және жақын туыстармен жақсы қарым-қатынаста болуды айтады. Тіпті өзге дін өкілі болса да онымен жақсы мәміледе болуды бұйырады», – деді Бас мүфти.
Жалпы, ислам дінінің өркен жаюы бағытындағы игілікті шараларға ризашылығын, өңір халқының салт-дәстүріміз бен имани деңгейіне көңіл тоқтығын білдіріп, мешіттердің көптеп бой көтеруіне үн қосушы азаматтарға алғысын айтты.
Сондай-ақ, Бас мүфти ресми шаралары аясында Шымкент қаласындағы діни оқу орындары мен Ордабасы ауданында бірқатар кездесулер өткізу көзделуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі