Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешіті «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында әлеуметтік аз қамтылған 50 бүлдіршін мен олардың ата-аналарын қуантты. Іс-шара «Алақай Парк» ойын сауық орталығында өткізіліп, балаларға арнайы дастархан жайылып мерекелік көңіл күй сыйланды.
Балаларының көтеріңкі көңіл күйіне разы болған ата-аналар ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне ерекше алғыстарын айтты. Осындай ауқымды шараның өткізілуіне демеушілік жасап, өз жәрдемін берген жомарт азаматтарға Алланың разылығы болсын деп тілейміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38