Алла Тағала Ибраһим сүресінің 7 – аятында “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін», – деген. Ата бин Ребаһ былай деген: «Убайд бин Умайрмен бірге Айша анамыздың қасына бардық. Біз одан, пайғамбардың ең ғажайып бір ісі жайлы хабар беруін сұрадық. Айша анамыздың көзіне жас келді және былай деді: Оның барлық ісі ғажайып еді. Айша (радиАллаһу анһа) айтады: «Бір түні Расулұллаһ (с.а.у.) маған: «Айша, рұқсат етсең осы түнді Раббыма құлшылық етумен өткізгім келеді», – деді. Мен: «УАллаһи, сенімен бірге болғанды жақсы көремін. Бірақ, саған қуаныш сыйлайтын істі одан да жақсы көремін», – дедім.

Сосын ол тұрып дәрет алды да намазға тұрды. Намазда жылай бастады. Сондай көп жылады, киімі, мүбәрәк сақалдары, тіпті сәжде жасайтын жері көз жасымен суланды. Сол кезде намазға шақыруға келген Хазіреті Біләл (р.а.) оның көз жасын көргенде:

«Уа, РасулАлла! Алла Тағала сіздің өткен және келешек күнәларыңызды кешірген емес пе, неге мұншалықты жылайсыз?», – дегенде Пайғамбар (с.а.у.):

«Аллаға шүкір қылатын құл болмайын ба? УАллаһи, бұл түнде маған сондай аяттар түсірілді. Оларды оқып, мағынасына ой жүгіртпегендерге өкініш болсын!», – деп жауап берді де ол аяттарды оқыды:

«Шәк жоқ көктер мен жердің жаратылуында, күндіздің және түннің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жамбастап жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайлы ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақтай гөр!» (Әли Имран сүресі, 190-191 аяттар), (Ибн Хаббан)

Шүкір деген не?

 Тәһқиқ әһлі ғалымдары шүкірді, нығметті бергенге мойынұсыну және нығмет бергенді мойындау деп түсіндірген. Осы жайлы да Алла Тағалаға да «Шәкур» деп айтылады.. Алланың шүкір етуі, құлдың аз амалына көп сауап беруі деген. Шүкірдің негізі, жақсылық жасаушының жақысылығын мақтау, осыған орай, Алланың құлына жасаған жақсылықтарын атап, Алланы ұлықтау құлдың шүкір еткені болады.

Шүкірдің түрлері

Шүкір бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Тілмен шүкір.

Бұл ‐ құлдың қарапйым күйінде өзіне берілген нығметтерді айтуы.

  1. Дене және ағзалармен шүкір. Бұл – нығмет бергенге қызмет жасау.
  2. Жүрекпен шүкір. Бұл – нығмет берушіні әрқашан құрметтеп, жүрегін нығметке емес нығмет берушіге байлау.

            Басқа бір қырынан алып қарасақ, ғалымның шүкірі тілмен болады. Ғибадат етушінің шүкірі дене және ағзалармен болады. Және Алланы шынайы танығандардың шүкірі жүрекпен болады.

            Бақса бір жағдайда ауамның шүкірі, қарапайым халық нығмет берілсе ғана шүкір етеді. Хауас шүкірі нығмет берілсе де, берілмесе де Аллаға шүкір етеді. Хауассул хауасстың шүкірі, пайғамбардың, әулиенің шүкірі, пайғамбар және әулиенің берілген нығметпен қалай Аллаға қымет етсем деген қайғысы болады.

Қолындағы нығметке шүкір етушіге «шакир», нығметы алынғанда үнемі шүкір етушіге «шәкур» деп айтылған.  Нығметке бөленгенде, Алланың мол ізгілігіне қауышқанда шүкір ету әркімнің қолынан келетін шүкір, ал Алла нығметін кешіктіргенде, қандайда бір сынақ жібергенде тіпті Алла кісіге ешқандай нығмет бермесе, осы жағдайда шүкір етудің шүкірдің жоғары дәрежесі болып саналады.

             Кейбір ғалымдар, Аллаға һамд айтумен шүкір етуді –  бір ұғым деп түсінеді. Алла Тағаланың берген нығметтеріне кісінің шүкір етуі әрі һамд айтқан болып есептеледі. Һамд айтқаны шүкір еткені болып саналады деген. Ал кей ғалымдар болса, һамд айтумен шүкір етудің айырмашалығы бар деген. Аллаға һамд айту Аллаға тәсбиһ айту, зікір айтумен болады. Шүкір болса тіл, дене және жүрекпен Алланың нығметтеріне шүкір етумен болады деген. Жүрегімен барлық нығметті Алла берді деп, нық сеніммен сенетін бола жүрекпен шүкір еткен болады. Тілмен барлық нығметті  Алла берді деп айтса тілдің шүкірі қабыл болады.  Денемен шүкір ету Алланның берген денсаулық нығметімен Аллаға құлшылық, Алланың құлдарына қызмет етумен орындалады. Әрқашан ізгі амалдарды жасау – дененің шүкіріне жатады.

Бұдан түсінетініміз, һамд айтушылардың саны өте көп болады. Шынайы шүкір етушілердің саны тым аз болады. Шынайы шүкір мақамының Алланың алдындағы дәрежесін білген шайтан,  Алланың пенделерін бұл мақамнан мақрұм ету үшін бар күшін салады, Ағраф сүресінің 17-аятында келгендей шайтан : «Сонан соң оларға алды- артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деген. Алла Тағалада шайтанға Сәбә сүресінің 13- аятында: «Құлдарымнан шүкір етуші аз.» деп жауап қайтарған.

Пенде неліктен шүкір ету керек, осы мәселе жайлы кітаптарда  құл екі себеп үшін нығметке шүкір ету керек деген. Біріншісі нығметтің жалғасуы, нығметтің үзілмесі үшін құлдың үнемі шүкір етуі қажет. Алла Тағала Наһл сүресінің 112- аятында былай деп баяндаған: «Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды. (Бұл Мекке кенті.) Пайғамбарымыз да бір хадисінде нығметке шүкір етпесе нығмет жабайы аңның үркіп қашқаны секілді кісіден қашады. Сонықтанда  қолыңыздағы нығметті шүкірмен байлаңыздар деген.

Нығметке шүкір етудің екінші себебі, нығметтің арттырылуы. Алла Тағала бұл жайынд Ибраһим сүресінің 7- аятында «Ол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деген. Аятта баяндалғандай кісінің шүкірі неғұрлым көп болса,  Алланың нығметі, берекесі соғұрлым көп болады. Шүкір кісінің өзі үшін қажет нәрсе, Алла кісінің шүкіріне мұқтаж емес, Алла Тағала Лұқпан сүресінің 12- аятында: « Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік  етсе, сонда да Алла бай, мақтауға лайық.» деген. Имам Ғаззали өзінің Иһия Улумиддин атты еңбегінде Алланың нығметі арттыруы бес нәрседе көрінеді деген. Біріншісі байыту, тәубә сүресінің 28- аятында «егер Алла қаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады» делінген, екіншісі дұғаны қабыл ету, әнғам сүресінің 41- аятында «Ол қаласа, шақырған нәрселеріңнен айықтырады.» делінген. Үшіншісі ризық беру, Бақара сүресінің 212 аятында «Және Алла қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді.» делінген. Төртіншісі, кешірім, Ниса сүресінің 48- аятында «Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды.» делінген. Бесіншісі тәубені қабыл ету, Тәубә сүресінің 15- аятында «Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді.» делінген.

Алла Тарапынан кісіге  берілген нығметтер екі түрлі болады. Дүниелік нығметтер және рухани нығметтер. Дүниелік нығметтер өз ішінде екіге бөлінеді. Пайдалы нығметтер – денсаулық, отбасылы болу, кәсіппен айналысу секілді. Зиянды кетіру нығметі, сынаққа қиыншылық, бәле жалаға, қандайда бір кеселге душар болмасаңыз, Алла сізді сақтаған болса,  бұл да Алланың нығметі. Рухани нығметтерге иман байлығы,  ілім, кісіні тура жолға салуы секілді ізгі істер жатады. Нығметтердің ішіндегі ең абзалы – иман нығметі, Хз Пайғамбарымыздың үмбеті болу нығметі. Осы турада Ибн Хажар Асқалани  Мунаббиһат еңбегінде кісіге нығмет ретінде ислам жеткілікті, шұғыл ретінде құлшылық жеткілікті, ғибрат ретінде өлім жеткілікті деген.

 

Пайдаланған Әдебиетттер:

Құран Кәрім Аудармасы Халифа Алтай.

Рисалатул Қушайрии.

Хуласатул Һақайық.

Ауарифул Мағариф, Сухрауардии.

Мунаббихат,  Ибн Хажар Асқалании.

Иһия Улуумиддин, Имам Ғаззалии.

 

                                                                                                                   Шырынхан Ербол Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінің найб имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38