Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Құран» секторының ұйытқы болуымен «Құран және тәжуид қағидалары» атты мешіт имамдарының кәсіби білімін арттыруға бағытталған сынақ алу шарасы ұйымдастырылды.
Тұңғыш ұйымдастырылған шараны шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров және ақсақал имам Бекайдар Әміре, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Игі шарада Шымкент орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан қари Мамедалиев, «Сейтжан қари» мешітінің ұстаздары Мейірбек қари Сәрсенбаев, 10 қырағат дәрежесінің иегері Шоқан Уалиев және «Әл Біләл» мешітінің ұстазы Әбдісамат Әшімжан қарилар сынақ алып, төрелік етті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38