Бүгін ҚМДБ ізгі қоғам бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Мәуліт айының құрметіне. Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Мінсіз Мұхаммед (с.а.с.)» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Рухани шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жағдайы төмен, көп балалы 30 отбасыға азық-түлік салынған «Мәуліт қоржынын» табыстады. 
Рухани шараға , қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, найб имам Ахметжан Керімбек қатысып, рухани мерекемен құттықтады.
Айта кетсек, қайырымдылық шарасы әрі қарай мәуліт рухани кешіне ұласты. Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ерекше ұймдастырылды. Түрлі саланың қызметкерлері мен еңбек адамдары қатыстырылып, «Әсем» салтанат сарайында мерекелік дастархан жайылды. Барлық қатысушыларға сый-сияпат үлестірілді. Рухани кеште Мәуліт жыры, терме һәм арнау оқылды.
Кеш барысында үздік қызмет атқарған қос имам ұмра қажылығына ие болды, ал екі қызметкерге шипажайға жолдама берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38