Құбан айт — мұсылманның ең ұлық мейрамы. Бұл мереке айт намазын оқудан басталады. Таң сәріден оңтүстік Қазақстандықтар ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиылған кісінің қарасы көп. Облыстық Орталық мешітке келушілердің көптігі сонша, айт намазын сыртта оқығандар да аз болған жоқ. Хадистерде жылдың ең қадірлі күні Құрбан айттың алғашқы күні екені де айтылған.
Алла Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақыретке сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Намазға келуші жас пен кәрінің ойы осыған саяды.
«Құрбан айт» күні ерте тұрып, ғұсыл алып, таза киім кию, хош иісті әтір сеуіп, көшеде кездескен адамға ашық жүзбен қарау, айтпен құттықтау — Пайғамбар сүннеті.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі!