«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” демекші, Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешітінде ұстаздар мерекесіне орай мешітіміздің әйел-қыздар секторы ұстазы Гүлжан Сыдықованы құттықтау шарасы өтті. Ұстаз 4-жылдан бері осы мешітте әйелдеріміздің Құранға деген махаббаты мен діни сауатын ашып келеді. Одан әрі әйелдеріміздің бір-біріне бауырмашылдығы мен сыйластығын арттыруға септігін тигізуде.
Ұстазымызға алдағы алар асуын одан әрмен биіктей беруіне әйелдеріміздің отбасылық және қоғамдық берекесі мен белсенділігіне қосар үлесінің мол болуын тілеп қаламыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызмет

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38