Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) екі дүние сардары адамдарға дұрыс өмір сүру жолын көрсеткен соңғы пайғамбар. Соңынан ерген мұсылмандар Оған салауат пен сәлем жолдаудан жалықпас. Әр ісі мен өмірін үлгі тұтқан жамағат Оны әркез есіне алып, есімін пәктеуде. Бүгін міне осы бір дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында қаламыздағы Еңбекші аудандық ар-Рақиб мешіті ұстазы Ақмарал Уразова бастаған және әйел-қыздар шәкірттерінің ұйымдастырған рухани кештің куәсі болдық.
100-ге жуық нәзік жандыларға жайылған ақ дастахан басына жиналған қауым Алла Елшісінің (с.а.у) асқан даналығы мен өнегесін есіне алып, өмірінен ғибратты көріністер берді. Кешімізге қонақ ретінде арнайы келген Ақжарқын Түзелова бастаған орталық мешіт ұстаздары мен “Ықылас” ҚДО – ұстаздар мен шәкірттеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызмет