ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Тұран ауданынна қарасты Әл-Муслим мешітінің имамы Байниязов Серғалидің бастамасымен, Тұран ауданы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруыменен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып өтті.
Қайрымдылық іс-шараға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және көп балалы аналар қатысты.
Қайрымдылық шарада оқушыға керекті заттар алынды. Атап айтсақ: мектеп сөмкесі-20 дана,оқушыларға арналған құрал жабдықтар т.б заттар алып берілді.Сонымен қатар оқушыларға арналған аяқ-кіиім ұл балдарға 20-дана қыз-балдарға 20-дана алып берілді.
Шара барысында Әл-Муслим мешітінің имамы,Байниязов Серғали барша көмекке мұхтаж отбасылардың ұл-қыздарына жаңа оқу жылында,білімде озат болсын және қайырлы ұрпақтардан болуды нәсіп етсін деп дұға жасады.