Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы өкілдігінің Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Берік Шотабеков аудан имамдарына «Пәтуәның маңыздылығы және жауапкершілігі” тақырыбында “Пәтуә сағаты”н өткізді.
Муфтияттан шыққан жаңа пәтуәларды таныстыру, пәтуәнің өзгеру шарттары, неке рәсіміне қатысты бүгінгі мәселелер, некеде уәли мәселесі секілді маңызды тақырыптар баяндалды. Имамдардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі