Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Тура Жол мешітінде «Имани Жаз» қыздар сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттерге қорытынды емтихан болып өтті. Емтихан ауызекі түрде алынып, онда мешіттің бас имамы Тәңірберген ұстаз Шәймерденұлы және наиб имам Хабибуллахан ұстаз Қадиров тарапынан шәкірттерге осы 2,5 айға жуық уақыт ішінде үйренген діни сабақтардан түрлі сұрақтар қойылды.

Шәкірттеріміз берілген сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, ұстаздарымызды қуантты. Сондай-ақ қыздарымыздың ілім жолындағы жеткен жетістіктеріне өз ризашылығын білдіріп, ілімдері және де артуын, бұдан да биік шыңдардан көріне беруін тілеп бата берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38