1) Мәсiнi аяқтар жуылғаннан кейін кию қажет.

 Өйткенi Муғира (р.а.) жеткiзген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) : «Мәсiлердi шешпе, өйткенi мен екеуiн де дәреттi күйде кидiм»,[1]– деген. Белгiлi бiр себепке байланысты аяққа не таңғышқа мәсих тарту жуумен бiрдей болып есептеледi. Сондықтан аяқтар жуылғаннан кейiн киiлген мәсiнiң үстiне мәсих тартуға болады.

 2) Мәсi дәретте жуылуы парыз болған жерлердi (яғни, аяқты тобықтарымен қоса) жауып тұруы шарт. Аяқпен бiрге тобықтарды жауып тұрмайтын мәсiнiң үстiне мәсих тартуға болмайды.

 3) Аяққа киiлетiн мәсi кемiнде бiр фарсахқа*, яғни үш миль – 5544 метрге дейiн жүруге шыдауы қажет.

 4) Мәсi тесiксiз, бүтiн болуы шарт. Ханафи және мәликилердің қөзқарастары бойынша истихсан және қиын болмауы үшiн кiшкентай тесiгi бар мәсiнiң үстiне мәсих тартуға болады. Ханафилерде аяқтың кiшкентай саусағынан үш есе үлкен тесiгi бар мәсiге мәсих тартуға болмайды. Мәликилерде киiп жүруге болмайтындай жағдайға жеткенге дейiн, яғни мәсi көлемi аяқтың үштен бiрiндей үлкендiкте тесiлгенге дейiн мәсих тартуға болады. Шафиғи және ханбалилердің көзқарастары бойынша тесiк кiшкентай болса да мәсiнiң үстiне мәсих тартуға болмайды.

Мәсi үш саусақ үлкендiгiндей сөгiлгенімен бүтiн болса және жүргенде ашылып көрiнiп қалмаса мәсих тартуға болады. Бiр мәсiдегi жыртықтардың барлығы қосылып бiр деп есептеледi, ал екi мәсiдегi жыртық бiр-бiрiне қосылып бiр деп есептелiнбейдi. Сондықтан да бiр мәсiде екi, ал екiншiсiнде бiр не екi саусақ үлкендiгiндей жыртық болса да мәсих тартуға болады.

 5) Мәсi әжептәуiр қалың болуы тиіс. Мәликилерден басқа көптеген фиқһшылар терiден, қалың киiз, мата және т.б. сол секiлдi нәрселерден жасалынған мәсiнiң үстiне мәсих тартуға болады дейдi. Тек ханафилер және шафиғилер мәсi сыртындағы суды iшiне қарай сорып алмауы шарт дейдi.

Олар мәсiге байланысты дәлелдерде бұл шарт алға қойылған деп есептейдi. Мәликилерде мәсi терiден тiгiлген болуы шарт.

 6) Аяқтың бас жағынан қолдың кiшi үш саусағының көлемiндей жер болуы шарт. Сондықтан бiр не екi аяғының да бас жағы болмаған адам мәсiсiне мәсих тарта алмайды. Өйткенi бiр аяғын жуып, екiншiсiне мәсих тартуға болмайды. Тек бiр аяғы түгелдей жоқ болған мүгедектің екiншi аяғына киген мәсiсiне мәсих тартуына болады. Осы жағдайда жуу мен мәсих тарту бiрге болмайды.

Қорыта айтқанда, аяқтарды тобықтарымен қоса жабатын етiктер, ботинкалар және 5,5 километрден артық жүруге шыдайтын қалың байпақтар және қонышты жеңiл аяқ киiмдер мәсi ретiнде киiледi. Бұлардың үстiнен мәсих тартуға болады.

[1]Бұхари. Ат-Таһара, 49; Либас, 11, Мүслим. Ат-Таһара, 79.

*Бір фарсах-3 миль,ал бір миль – 1848 метр.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38