ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Бойыт ата» мешітінің имамы Мұрат Тастанбековтың ұйымдастыруымен аудандағы мешіттердің имамдарының қатысуымен көшпелі оқу семинары болып өтті. Семинарға Шымкент қалалық орталық мешіттің бірінші наиб имамы Ақтамберді Мусабек имам мен және аудандық мешіттердің имамдары мен уақытша міндетін атқарушысы дін қызметкерлері қатысты. Семинарда бабалар ізімен дәрістерін Ақтамберді Мусабек имам жүргізді. Семинарды қорытындылап, Дәуренбек қажы батасын берді. Соңында, түскі ас беріліп, діни әлеуетін дамыту және «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылында атқарылатын жұмыстар пысықталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38