Шымкент қаласы, «Мұса» салтанат сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі – ҚМДБ) ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумы болып өтті.
Форумға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау және қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт қажы Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Мешіт істері бөлімінің және «Тауаф» қажылық фирмасының меңгерушісі Жандилда қажы Бекжігітов, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Шоқанов, ҚМДБ-ның Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және облыстағы барлық қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің имамдары т.б. құзырлы мекемелердің өкілдері қатыстырылды.
Арнайы іс шараны өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбектің іс-шараны ашып, жүргізіп отырды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің форум жұмыстарына сәттілік тілеп, құттықтау сөзін наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Өтпенов арнайы жеткізіп, өзіңнің «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенімі мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы жөнінде баяндама жасады. Осыдан кейін, жоғарыда аттары аталған ҚМДБ бөлім меңгерушілерінің баяндамалары мен хабарламалары тыңдалды.
Жалпы форум барысында мына мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабы аясында облыс көлемінде жаназа және құдай ас (садақа) кезінде ас берудің мөлшері мен ас мәзірі туралы үндеуі қабылданды. Астана қаласында өткен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенімі мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымын насихаттау, осы бағытта жұмыстарды күшейту туралы түсіндірілді.
Жалпы форум барысында барлық қатысушыларға арнайы сертификат пен үлгілі имамдарымызға алғыс хат табыс етілді. Шара соңында қатысушыға мерекелік дастархан жайылады.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары