Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде Имамдардың діни білімін жетілдіру һәм қайта даярлау орталығында «Хадистану ілімі» курсын кезекті үшінші топ тәмамдады.
Курс тәмамдаған мешіт имамдарына шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, сертификат табыстады. Аталмыш курста елге белгілі ұстаздар, «Халал Даму» бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Жомарт Дөрбетхан, РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев, РАНТ мүшесі Нұрсұлтан қари Мамедалиев сынды ұстаздар дәріс беруде.
Курс барысында «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі