Жалпы, ардагер аталарымызды құрметтеу науқандық іс болмау қажет. Осы бастама аясында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың ұйытқы болуымен 10 ардагерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар берілді. Шара барысында аталарымыздың ерен еңбектері сөз етіліп, соғыста шейіт болған жауангерлердің рухына Құран бағыштады.
ҚМДБ-ның Шымкент бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі