Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында  Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы бас имам орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Дархан дала» отандық туризмді насихаттау бөлімінің өкілі Самат Анарбаевтар қатысты.

Өкілдіктен барған имамдарды Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің төрағасы, жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы арнайы күтіп алып, құрмет көрсетті.

Кездесу аясында, ҚМДБ-ның дін мен дәстүр, ізгі қоғам бағыттары, тәлім-тәрбие, Ислам тарихы, қазақ жерінен шыққан ғұлама-ғалымдар және олардың еңбектері т.б. өзекті тақырыптар әңгіме арқауына айналды. Мұнымен қатар, Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігі мен Шымкент орталық мешіті тарапынан бірлесіп атқаратын рухани шаралар жоспары талқыланды.

Сондай-ақ,  кездесу барысында Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен  «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімімен Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты құнды еңбекті ғалым ағамыз Момбек Әбдіәкімұлына табыс етті.

Осы тұста, ғалым ағамыз Момбек Әбдіәкімұлын таныстырып өтуді жөн санаймын. Жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы республикалық, облыстық газет-журналдар ұйымдастырған бірнеше шығармашылық конкурстардың жүлдегері, Жазушылар және Журналистер одақтарының лауреаты. 2015 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш тарихының ақиқаты» деген атпен ұйымдастырған жабық бәйгеде бірінші орынды иеленген. 2007 жылдың Ең үздік жазушысы». 1-ші және 2-ші дәрежелі «Құрмет», «Еңбек Даңқы», «Білім шыңы» медальдарының, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың, сондай-ақ бірнеше Алғыс хаттар мен Мақтау қағаздарының иегері. ҚР қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ҚР мәдениет саласындағы үздігі, Ең үздік өлкетанушы, Қазақстан Журналистер және жазушылар одақтарының мүшесі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, Қазақстан Шежірешілер одағының төрағасы, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «Қаламгер» әдеби бірлестігінің төрағасы. Халықаралық зертеушілер академиясының академигі.   М.Әбдәкімұлы 2024 жылы ақпан айында Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38