IMG 1219

IMG 1219

Қашанда жақсы істердің жаршысы болып жүретін аудандық емхана ұжымы қасиетті Рамазан айында тағы бір сауапты тірлік жасады. Аудандық емхананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жанар Оспанованың ұйымдастыруымен қаладағы «Әбу Мәнсур әл – Матуриди» мешітінде ораза ұстаған жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылды. Ақсақалдар мен ардагер дәрігерлер, ауыз бекіткен басқа да медицина саласының қызметкерлері бас қосқан жиынның алдында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайластықтың алдын алу мен оны болдырмауға бағытталған есікпе – есік акциясы өткізілді. Акция кезінде аудандық емхананың бас дәрігері Мирас Жолдыбаев жемқорлықты түп – тамырымен жою жөнінде сөз сөйлеп, арнайы листовкалар таратып берді.
Ораза ұстаған азаматтар ауыз ашып болған соң, имандылық, береке мен бірлік тақырыбында әңгіме-уағыздар айтылды. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, қаладағы «Қанай датқа» мөлтекауылының биі Есенгелді Сариев сөз сөйлеп, емхана ұжымына ниет қабыл болсын айтысты. Ауызашар соңынан аудандағы медицина саласының өсіп – өркендеуіне өз үлестерін қосқан, бүгінде фәнилік болған ақ халатты жандардың рухтарына бағышталып құран оқылды. Дастарханға келген жұртшылық осындай іс – шараны өз деңгейінде өткізіп, сауапты іс қылған аудандық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова бастаған медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, ақсақалдар жағы ақ баталарын берісті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

IMG 1219

IMG 1220

IMG 1221

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38