IMG 1216

IMG 1216

Ақ алтын ауылында жомарт жүректі жандар көптеп саналады. Сондай елжанды азаматтың бірі Зұлхарнай қажы Бейсенов кешегі күні ауылдағы салтанат сарайында 200 адамға арнап ауызашар дастарханын жайды. Ауылдағы ораза ұстаған үлкен-кіші азаматтар бұл іске түгел қатысып, күн ұясына батқанда Зұлхарнай қажының дастарханынан ауыздарын ашысты.
Бір айта кетерлігі, бұл ауызашар тек ішіп – жеуге ғана арналмастан елдік мәселелер қозғалған жиынға ұласты. Ауызашар дастарханында сөз сөйлеген ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Темірхан Болатұлы, ауыл әкімі Ордабай Сахов, Ақалтын ауыл мешітінің имамы Әсет Телғозиев, «Ақ алтын» жалпы орта мектебі директорының орынбасары Мұхтар Ендібай Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай өз ойларын ортаға салып, тұрғындарды ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға, ауылдың береке – бірлігін одан әрі нығайтуға шақырды. Имандылық, жастар тәрбиесі жөніндегі келелі ой – пікірлерін ортаға салып, Елбасы мақаласында айтылған міндеттерді бірлесе отырып іске асыруға жұртшылықты үндеді.
Жиын соңында өмірден озған әруақтарға қасиетті Құран Кәрім бағышталып, дастархан иесіне ниет қабыл болсын айтысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

IMG 1216

IMG 1217

IMG 1218

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38