IMG 1205

IMG 1205

Аудандық «Абай» Мәдениет сарайында ІХ «Ырыс алды – ынтымақ» форумы өткізілді. Жиынды жүргізіп отырған қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қыстау Ілесов бұл форум Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттерді орындау, оған үн қосып, қолдап – қуаттау аясында ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.
«Тұрақтылық – рухани жаңғыру кепілі» тақырыбында өткен жиында аудан әкімі Болатбек Қыстауов баяндама жасады.
– Бүгінгі алқалы жиын бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері өткізіліп отыр. Баршаңызды Рамазан айымен құттықтаймын! Сіздердің қатысуларыңызбен үстіміздегі жылы Елбасымыздың еліміздің дамуы үшін жариялаған маңызды бағдарламалық құжаттары аясында пікір алмасып, бірлесе атқарылатын жұмыстарды талқылап алсақ деген мақсатпен жиналып отырмыз, – деді Болатбек Дүйсенбекұлы. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу екеніне, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың мән-маңызына назар аудара келе, Президент егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын, сондықтан да тұтас қоғам және әрбір қазақстандық осыны басшылыққа алып, жүзеге асыруға құлшынуы қажеттігін баса атап көрсеткен. Прагматизм хақында парасатты ойларын ортаға салған Елбасы былай деді: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән – салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді». Міне, мақалада осылай жазылған. Ойға салайықшы, ағайындар. Осы ысырапшылдық, астамшылық, орынсыз сән – салтанат бізде үдеп бара жатқан жоқ па? Біз мінез – құлықтың прагматизмін түсінеміз бе? Түсінсек, неге сөзіміз бір бөлек, ал ісіміз бір бөлек? – деген аудан басшысы рухани салаларда қордаланып жатқан мәселелерді көпшілік болып, бірлесе шешуге шақырды.
Мұнан кейін жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев Елбасының бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелер аудандағы депутаттар корпусының да жұмысын жаңа сапалы деңгейге көтеретіндігін айтып өтіп, мақалада айтылған міндеттерге сәйкес үлкен белсенділікпен жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков Елбасы мақаласын халыққа кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында тұрғындарымен кездесулер өткізіп, бастауыш ардагерлер ұйымында кеңінен талқылағанын айта келе, «Иманды ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында қала мен ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырғанын өз хабарламасында айтып өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева педагогтар ұжымы мен мектеп бітіруші түлектер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына нақты істерімен қолдау көрсетіп жатқандарын дәлелдеп берсе, ардагер ұстаз Жаңылай Айдарова жастар, соның ішінде қыз бала тәрбиесі жөнінде сөз сөйледі.
Форумға қатысқан аудан имамы Асылхан қажы Данияров, аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкері Қуаныш Бекмұратов, қаладағы Қанай датқа мөлтек ауылының биі Есенгелді Сариев ұрпақ тәрбиесі, қала көшелерінің тазалығы тақырыптарында сөз сөйлеп, өз ойлары мен ұсыныс – пікірлерін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1204

IMG 1205

IMG 1206

IMG 1207

IMG 1209

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38