Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен «ҮММЕТІҢ СЕНІ САҒЫНДЫ» атты рухани кеш өтті.
Кеш әуелі Қасиетті Құраннан аяттар оқылумен басталды. Алғы сөз «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстазға берілді.
Бұл кеш концерттік бағдарлама түрінде өткізілді.
Тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетілді, иләһи әндер айтылды, мәуліт жыры оқылды. Көріністердің бірі «Өркениет» театрының орындауымен өтті.
Бұл кешке қаламыздың  ұстаздары, Жамбыл облысы «Әйел-қыздар» секторы Иманалиева Жазира ұстаз, «Ықылас» қарилер орталығы ұстаздары және директоры Ұлбосын ұстаз, Кентау қаласы ұстаздары және басқа да қалалардан арнайы ұстаздар қатысты.
Кеш соңында сыйлықтар таратылып, алғыс сөздер айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38