Шымкент қаласы Тұран ауданы Айқап мешітінің әйел-қыздар бөлімінде ұстаздардың ұйымдастыруымен ардақты пайғамбарымызға салауат айту сайысы өткізілді.
Екі аптаға жалғасқан сайыс нәтижесінде 1-орынға Әйбекқызы Мариям 150 000 теңгелік сыйлықпен , 2-орынға Жарилкапова Сабина 100 000 теңгелік , 3-орынға Керинбекова Айгерім 50 000 теңгелік сыйлықпен ие болды.
Марапаттау салтанаты Millionere тойханасында «Үмметің сені сағынды» Рухани кешінде табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


