Әнас бин Маликтен (р.а) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Егер әйел кісі бес уақыт намазын оқып, рамазандағы оразасын ұстап, ар-намысын корғап, күйеуіне бағынатын болса, жүмаққа кіреді».
Хадиске түсініктеме:
Жүмақ Алла Тағаланың мүмин пендесі үшін дайындаған сый-сияпаты. Оған тек иман келтірген, иланған адам кіре алады. Жүрегінде бидайдың түйіріндей болса да иманы бар адам тозақта мәңгі қалмайды, соңында жүмақпен қауышады. Мүмин кісілердің имандары әртүрлі дәрежеде болғандықтан, барлығы бірден (бір мезетте) жүмаққа кіре алмайды. Олардың кейбірі ешқандай сұраусыз жұмаққа кіреді, сондықтан оларды жүмаққа алғаш кіргендер, алғашқылар деп атайды. Әйел затының осы алғашқылардың қатарынан орын алуы үшін, хадисте айтылғандай, екі ерекшеліктері болуы қажет. Біріншісі — Алланың әмірін бұлжытпай орындау; екіншісі — күйеуінің көңілінен шығу. Бірінші міндетіне екіншісін орындау арқылы жетеді. Өйткені, Хазірегі Пайғамбар (с.а.у.): «Ант етіп айтамын! Әйел куйеуінің көңілін таппайынша, Раббысының сүйіспеншілігіне бөлене алмайды» деген.
Бір күні мұсылман өйелдер жиналып, іштерінен біреуін Пайғамбарымыздың құзырына жібереді. Әлгі әйел: «Уа, Алланың Елшісі! Мен әйелдердің сізге жіберген елшісімін. Еркектердің жиһадтарына тең келерлік әйелдер үшін қандай амалдар бар?-дейді. Пайғамбарымыз(с.а.у.): «Күйеуіне мойынсүнып өз ісін білсе жетіп жатыр. Мүны орындайтындар өте аз»– деп жауап береді. Алла Тағаланың әмірлерін орындап адамдармен дүрыс қарым-қатынас жасау әрбір кісінің қолынан келе бермейді. Абдуллаһ бин Омардың (р.а.) жеткізген мына бір хадисінде Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) бүл туралы былай деген: «Адамдар жүмысқа жарамайтын жүз түйе секілді». Бүл хадиске әртүрлі түсінік жасалған. Сол түсіндірменің бірі мынадай: дүниеде жүрегін бүтіндей ақыретке арнаған тақуа адамдар өте аз. Бүл мысалы, жүмысқа жарамайтын түйелердің саны көп болғанымен жарайтындарының аздығына үқсайды деген сөз.
Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне бөленіп, күйеуінің көңілінен шыққан әйелдердің, өзге әйелдерден айырмашылығын Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай білдірген: «Салиқалы әйелдің өзге әйелдерден айырмашылыіы: олар қос қанатты ақ қарғаға ұқсайды, яғни екі қанатты ақ қарға көзге ерекше көрінгені секілді салиқалы әйел де сондай ерекше көрінеді» дегенге келеді.
Шымкент қаласы орталық мешіті